Қытай тұңғыш ұшақ кемесін Тынық мұхитқа жіберді

Қытай 30 реактивті соғыс ұшағын тасу күшіне ие «Liaoning» атты ұшақ кемесінің теңіз қызметіне дайын екені білдірілді.

637885
Қытай тұңғыш ұшақ кемесін Тынық мұхитқа жіберді

Қытай Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда 30 реактивті соғыс ұшағын тасу күшіне ие «Liaoning» атты ұшақ кемесінің теңіз қызметіне дайын екені білдірілді.

Теңіз күштері флотына басшылық жасаған «Liaoning» Бохай шығанағы және Сары теңіздегі әскери жаттығудың артынан Тынық мұхитқа өтті.

«Liaoning», фрегат және эскадралық миналы кемеден тұратын флотқа басшылық жасайды. Теңізде тұңғыш әскери жаттығуы өткізетін «Liaoning» J-15реактивті соғыс ұшақтары мен тікұшақтарды тасиды.

Пекин әкімшілігі Батыс Тынық мұхит, Оңтүстік Қытай теңізі және Шығыс Қытай теңізінде өткізген жаттығулармен аймақ мемлекеттері және АҚШ-пен жиі дағдарысқа түседі.

Қытай тұңғыш ұшақ кемесі «Liaoning»-ті 2012 жылы қыркүйек айында армияның құрамына қосқан болатын. Бұрынғы аты «Varyag» болған «Liaoning» атты кеменің платформасы Украинадан сатып алынған болатын. Liaoning ұшақ кемесі 304,5 метр ұзындығында және 37 метр кеңдігінде.



Ұқсас жаңалықтар