Халебтегі соңғы жағдай

Жай халықты қауіпсіз жерге апару жұмыстары баяулады.

635839
Халебтегі соңғы жағдай

Сирияның Халеб қаласының шығысында жай халықты қауіпсіз жерге апару жұмыстары барлық қиыншылықтарға қарамастан жалғасуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымы кеше кештен бастап жай халықтың 300 көлікпен айрылғанын хабарлады.

Қызыл жарты ай қоғамы да науқастар мен жарақат алғандардың қаланың шығысындағы соңғы ауруханаға апарылғанын баяндады.

Оппозиция мен Дамаск әкімшілігі арасында шыққан келіспеушілік және ауа райының нашар болуы салдарынан жай халықты қауіпсіз жерге апару жұмыстары баяулады.

Енді бір жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымы 19 қыркүйекте Халебке жәрдем жіберген керуенге ұйымдастырылған әуе шабуылына байланысты рапортты жариялады. Әуе шабуылында 10 қаза тапқан еді. 



Ұқсас жаңалықтар