Әлем елдерінен айыптау хабарламалары келуде

Анкарадағы қастандық наразылық туғызды.

633994
Әлем елдерінен айыптау хабарламалары келуде

Ресейдің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Андрей Карловтың Анкарада бір қастандықта өлтірілуі халықаралық қоғамның наразылығын туғызды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен айыптау хабарлары келіп жатыр.

Бірінші хабарлама Америка Құрама Штаттарынан келді.  Ақ Үй Карлов қаза тапқан қастандықты айыптады. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп та қарулы шабуылды айыптады.

Хабарламасында «Карловтың отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.  Бір өкілетті елшінің өлтірілуі замандас тәртіпті бұзушылық.  Ғалам болып айыптауымыз керек» деді ол.

БҰҰ, НАТО және Еуроодақтан да бірінен соң бірі айыптау хабарламалары келді.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз мәлімдемешісі Стеффан Дуджарик қарулы шабуылды айыптайтындарын білдіріп,  шабуылдың ешбір заңды сылтауы болмайтынын айтты.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг те шабуылды айыптады.

ЕО Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Федерика Могерини де Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа жеделхат жолдап, орыс басшыларымен бірдей сезімде екенін білдірді.

Еуропа Кеңесі парламентшілер мәжілісі және Еуропа кеңесі бас хатшылығы да шабуылды айыптады.

Франциядан Әзірбайжанға, Германиядан Канадаға дейін көптеген ел үкіметтері шабуылды айыптап, Ресейге қолдау білдірді.



Ұқсас жаңалықтар