Халебтегі шабуылдарда 46  адам қаза тапты

Халебтегі шабуылдарда 46  адам қаза тапты, 230 адам жарақат алды.

627019
Халебтегі шабуылдарда 46  адам қаза тапты

Сирияның Халеб қаласында оппозиционерлер болған аймақтарға ұйымдастырылған шабуылдарда 46  адам қаза тапты, 230 адам жарақат алды.

Қалада қанды шабуыл басталған 15 қараша күнінен осы таңға дейін қаза тапқандар саны 935-ке көбейді.

Халебтегі азаматтық қорғаныс басшысы Нежип Енсари осы туралы мәлімдеме жасады. Енсари «Режим және режим қолдаушылары Шығыс Халебте оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға құрлықтан және әуеден шабуыл жасады» деді.

Халеб Сирияда Дамаскіден кейінгі екінші үлкен қала. Қала орталығы Түркия шекарасына 40 километр қашықтықта.

 Шығыс Халебке үш айдан бері гуманитарлық жәрдем жеткізілмеуді.

 

 


Этикеттер: #Сирия , #Халеб , #шабуыл

Ұқсас жаңалықтар