БҰҰ Украинадағы адам құқықтары рапортын жариялады

Аталмыш рапортқа қарағанда 9 мың 758 адам қаза тауып, 22 мың 779 адам жарақат алған.

626774
БҰҰ Украинадағы адам құқықтары рапортын жариялады

БҰҰ Адам құқықтары Жоғары комиссарлығы Украинадағы адам құқықтарына қатысты 16-шы рапортын жариялады.

Рапортқа қарағанда Донбасс қақтығыстары басталған 2014 жылдың сәуір айынан бастап, 2016 жылдың 1 желтоқсан күніне дейін 9 мың 758 адам қаза тапты, 22 мың 779 адам жарақат алды.

Бұл көрсеткіштер украин әскерлер, аймақтағы жікшіл топтар және жазықсыз адамдардан тұрады.

Рапорттағы көрсеткіштерге қарағанда аймақта 2014 жылы құлатылған MH17 нөмірлі Малайзия ұшағында қаза тапқан 298 адамның қосылмағаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар