Неміс Адам құқықтары институты Берлин әкімшілігін сынады

Адам құқықтары Институты Германияда адам құқықтары жағдайына байланысты бірінші рет дайындалған есепті парламентке ұсынды.

626064
Неміс Адам құқықтары институты Берлин әкімшілігін сынады

Адам құқықтары Институты Германияда адам құқықтары жағдайына байланысты бірінші рет дайындалған есепті парламентке ұсынды.

 «Flucht» деп аталатын 160 беттік есеп 2015 жылдың 1 қаңтары мен 2016 жылдың 30 маусым аралығын қамтиды.

Институт директоры Беат Рудольф: «Тек 2015 жылы 890 мың адам Германияны паналады» деді.

Рудольф Германияда босқындардың елге кіруінде,  орналастырылуында және тұруында адам құқықтарының қаншалықты орындалғанын тексергендерін айтты. Үйлесімділік заңы мен босқын құқығын реттейтін заңнамалардың қатайтылуын сынады.

Институт директоры отбасын бірлестіру, тұру мүмкіндіктері және кейбір елдердің «сенімді ел» категориясына қабылдануының адам құқықтары тұрғысынан олқы екеніне назар аударды.

Ол отбасын бірлестіру құқығының орындалмауының Халықаралық Балалар құқығы келісім-шартымен келіспейтінін, отбасы мүшелерін бірлестіру құқығы бар босқындардың алдында үлкен кедергілер бар екенін атап көрсетті.

Рудольф сондай-ақ Федералдық парламенттің саясат жетілдіретін кезде осы есептің қорытындыларын назарға алуын ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар