Сириядағы шабуылда 29 адам қаза тапты

Асад режим күштерінің әуе шабуылдарында 29 адамның қаза тапты.

625119
Сириядағы шабуылда 29 адам қаза тапты

Ресей және Асад режимінің соғыс ұшақтары Сирияның солтүстігіндегі Идлиб пен Халебке шабуыл жасады. Шабуылда оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарда 29 адам қаза тапты.

Идлиб провинциясының қорғаныс жөніндегі басшысы Мұхаммед Яхя Асад режимі ұшақтарының Идлиб қаласы орталығы мен Идлибке қарасты Маррет Насан және Маррет Масрин қалашығындағы елді мекендерді бомбалағанын айтты.

Режим күштерінің әуе шабуылдарында 27 адамның қаза тапқанын, ондаған адамның жарақат алғанын білдірген Яхя аталмыш қалашықтарда жараланғандардың ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Яхя сонымен қатар режим күштері соғыс ұшақтарының Халеб Етраиб ауданындағы базарды бомбалағанын, сондай-ақ шабуылда екі адамның мерт болғанын және 15 адамның жарақат алғанын баяндады.

Осылайша 15 қараша күнінен осы таңға дейін Халебке бағытталған шабуылдарда қаза тапқандар саны 775-ге көбейді. 


Этикеттер: #Асад , #Ресей , #Халеб

Ұқсас жаңалықтар