БҰҰ-дан Ирак армиясына шақыру

БҰҰ жазықсыз адам шығындарының алдын алу мақсатты шақыру тастады.

624330
БҰҰ-дан Ирак армиясына шақыру

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ирак күштерін Мосулда жалғасқан қақтығыстар себепті жазықсыз адам шығындарының алдын алу мақсатты қаладан шығуды қамтамасыз ететін қауіпсіздік коридорлары ашуға шақырды.

БҰҰ Гуманитарлық жәрдем координациясы офисі (OCHA) жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда қаладағы қақтығыс желісіне жақын шығыс аймақтарындағы тұрғындар үлкен қауіп астында екенін, құлаған снарядтар мен жалғасқан қақтығыстар себепті жазықсыз адам шығынының артқанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде ДАИШ-тің бақылауындағы аймақтарда Мосулдағы қақтығыстар себепті шамамен 1 миллион адамға жасалған гуманитарлық жәрдемдердің тоқтай алатынын атап көрсетті.

Мосул тұрғындарына жасалған азық-түлік және су жәрдемдерінің таусыла бастағанына назар аударған мәлімдемеде қаладағы азық-түлік материалдарының азайғаны жөнінде уайымдарды арттыратын рапорттар бар екені білдірілді.

Көпшілігі Мосулдағы қақтығыстардан қашқандардан құрылған Хазыр лагерінде 8 мың, Хасан Шам лагерінде болса 24 мың адамның өмір сүргені атап көрсетілді.

БҰҰ шамамен 1,5 миллион тұрғыны бар Мосулдан қақтығыстар себепті бір миллионға жуық адамның көше алатынын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар