Италия премьер-министрі міндеттен кетеді

Референдумда реформа қабылданбады.

623685
Италия премьер-министрі міндеттен кетеді

Италиядағы тарихи референдумда Сенаттың өкілеттіктерін шектейтін атазаң реформасы қабылданбады.

Елде тіркеулі шамамен 47 миллион сайлаушының 65 пайызы референдумға қатысты.

Референдум арқылы қос мәжілісті заң шығару жүйесімен басқарылатын елдің заң шығару құрылымына тамырлы өзгерістер енгізу мақсат етілген еді.

Заң шығару үрдісіндегі тұйыққа тірелулердің шешілетінін айтқан Италия премьер-министрі Маттео Ренци сауалнамаларға қарағанда жеңіліске ұшырады.

Мемлекеттік телеарна RAI-де реформа пакетіне дауыс бергендер санының 54-58 пайыз арасында екені жарияланды. Қабыл даусы болса 42-46 пайыз арасында.

Референдум сонымен бірге үкімет үшін «сынақ» болатын.

Премьер-министр Маттео Ренци отставкаға кететінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар