Мосулда 500 мың адам сусыз қалды

Қақтығыстар себепті қаланың суын қамтамасыз еткен 3 үлкен су құбырының біріне зиян келді.

622370
Мосулда 500 мың адам сусыз қалды

Ирактың ең үлкен екінші қаласы Мосулды ДАИШ-тен құтқару үшін жүргізілген операциялар жалғасып жатқанда, қала тұрғыны 500 мың адамның сусыз қалғаны білдірілді.

Қақтығыстар себепті қаланың суын қамтамасыз еткен 3 үлкен су құбырының біріне зиян келді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы балаларға жәрдем қоры «UNICEF»-ке қарағанда зиян келген су құбыры ДАИШ-тің бақылауындағы аймақта болғандықтан жөндеу мүмкіншілігі жоқ.

Сондай-ақ ДАИШ-тік террористтер Ирак армиясы жақындаған кейбір аумақтарда суды қамтамасыз еткен станцияның электр қуатын ажыратты.

Халық су қажеттілігін құдықтардан қамтамасыз етуде.

Бірақ антисанитарлық аталмыш су үшін халық бірнеше күн кезекте күтіп, бірнеше ыдыс су толтыра алады.

Мосулды ДАИШ террор ұйымынан құтқару үшін Ирак армия жасақтары, пешмерге күштері және көпшілігі Башика лагеріндегі түрік әскері жаттықтырған Нинова сарбаздары 17 қазан күні операция бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар