Сирияда американдық және неміс террористтер өлтірілді

Бұл террористтер бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG қатарында соғысып жүрген.

621608
Сирияда американдық және неміс террористтер өлтірілді

Түрік ұшақтарының 26 қараша күнгі әуе операциясында бірі американдық,  бірі неміс екі ерікті террорист өлтірілді.

Бұл террористтер бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG қатарында соғысып жүрген.

Сирияның Мүмбич қаласындағы ақпарат көздері түрік ұшақтарының әуе шабуылында АҚШ-тың Калифорния штатынан Майкл Исраэль мен Германиядан Антон SJK-ның өлтірілгенін хабарлады.

Американдық террорист маусым айында,  неміс азаматы болса қыркүйек айында террор ұйымы қатарына қосылған.



Ұқсас жаңалықтар