Халебте тыныштық жоқ

Елді мекендерге бағытталған бомбалы шабуылда 17 адам қаза тапты.

618840
Халебте тыныштық жоқ

Сирияның Халеб қаласының батысында орын алған оппозиционерлердің бақылауындағы Анжара қалашығында елді мекендерге бағытталған бомбалы шабуылда 17 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды.

Халебтегі азаматтық қорғаныс лауазымдары орыс армиясына тән бір соғыс ұшағының Халебтің батысындағы оппозиционерлердің бақылауында орын алған Анжара қалашығындағы елді мекендерді бомбалағанын айтты.

Халебте әкімшілікке қарсы болғандардың бақылауындағы аймақтарға 15 қараша күнінен осы таңға дейін ұйымдастырылған шабуылдарда 554 адам қаза тапты, 2196 адам жарақат алды. 



Ұқсас жаңалықтар