Курил аралдарына Ресей қоныстандырған зымырандар Жапонияны мазалады

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Ресейге дипломатиялық жолмен мазасыздығын жеткізді.

617673
Курил аралдарына Ресей қоныстандырған зымырандар Жапонияны мазалады

Ресейдің Курил аралдарына зымыран қорғаныс жүйесі қоныстандыруын «өкінішті» деп бағалаған Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ «Дипломатиялық жолдармен бұл тақырыптағы мазасыздығымызды Ресейге жеткіздік» деді.

Кйодо агенттігінің хабарына қарағанда Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ жоғары Мәжілістің жалпы кеңесінде Ресейдің Курил аралдарына зымыран жүйесі қоныстандыруының Жапонияның ұстанымымен ұштаспағанын атап айтты.

Ресейдің 3 күн бұрын Жапониямен дағдарысты Курил аралдарына «Бал» және «Бастион» типі зымыран жүйелері орналастырғанын жариялаған болатын.

Ресей президенті Владимир Путиннің желтоқсан айында Токиоға ресми сапармен баруы күтіледі.

Ресей 1949 жылы Жапонияның солтүстігіндегі Курил аралдарын қолға түсіріп, осында өмір сүрген жапондықтарды шекарадан шығарған болатын. Екінші дүниежүзілік соғысының артынан екі ел келіспеушіліктер себепті ресми бір келісім-шартқа қол қоя алмады. Жапония Ресейдің аралдардағы билігін «заңсыз» деп қабылдайды.



Ұқсас жаңалықтар