Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына оң қарауда

Түркияның мүшелігі үшін Ресей мен Қытай  «Пайдалы болады» деген мәлімдеме жасады.

615553
Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына оң қарауда

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысуы жөніндегі мәлімдемесіне орай Ресей мен Қытайдан алғашқы жауабы келді.

Шанхай бестік тізіміне Түркияның мүшелігі үшін Ресей мен Қытай  «Пайдалы болады» деген мәлімдеме жасады. Ресейде парламент жоғарғы қанаты Федерация Кеңесінің қорғаныс комитеті мүшесі Алексей Пушков Твитт арқылы жасаған мәлімдемесінде «Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелігі Ердоған үшін жақсы болымды бір қадам болады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Еуропа Одағынан өзгеше. Оның орнын ала алмайды. Алайда Еуропа Одағынан өзгеше түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшелері түбегейлі егемен» деген сөздер қолданды.

 Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Гень Чиаң да «Түркия біздің диалог ортағымыз, ынтымақтастықты дамытқымыз келеді» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар