Жаңа Зеландияда 7,8 баллдық жер сілкінісі

Жаңа Зеландияда 7,8 баллдық күшті жер сілкінісі болды.

610276
Жаңа Зеландияда 7,8 баллдық жер сілкінісі
yeni zelanda deprem.jpg

Жаңа Зеландияда 7,8 баллдық күшті жер сілкінісі болды.

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында болған  7,8 баллдық зілзаладан кейін тағы да 6,2 баллдық жер сілкініс дүмпуі болды.

Сілкініс жергілікті сағат 13:45-те болды.  Дүмпу ошағы Крайстчерч қаласынан 120 шақырымда тіркелген.  Әзірге қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Бірақ зілзала Крайстчерч шаһарымен іргелес қалаларда да сезілген. Екінші жер сілкіністе қаза тапқан және жарақат алғандар жоқ.

Жаңа Зеландия премьер-министрі Джон Ки жасаған мәлімдемесінде басты оппозиция Жұмысшы партиясы лидері Эндрю Литтлмен бірге зілзала болған аймақтарда тексеру жүргізгенін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар