Калифорния штаты АҚШ-тан бөлінгісі келеді

Калифорния тұрғындары әлеуметтік медиа арқылы "АҚШ-тан бөлініп шығу" тақырыбында акция бастады.

607224
Калифорния штаты АҚШ-тан бөлінгісі келеді

Республикашылардың үміткері Дональд Трамптың АҚШ президенті ретінде сайлануы демократтар мықты болған штаттарда үлкен жаңғырық туғызды.

Вашингтонға ең көп депутат жіберген Калифорния тұрғындары әлеуметтік медиа арқылы АҚШ-тан айырылу үшін акция бастады.

#CalExit этикеткасымен твиттер арқылы басталған акцияда калифорниялық сайлаушылар штаттың Америка Құрама Штаттардан бөлініп шығуын талап етеді.

Штаттың әлемнің алтыншы үлкен экономикасына ие екенін алға тартқан сайлаушылар бұл акцияға әртүрлі пайымдар жасауда.



Ұқсас жаңалықтар