АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп

Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті Донаьлд Трамп болды.

606859
АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп

Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті Дональд Трамп болды.

Республикашыл партиясының үміткері Трамп Флорида, Огайо, Солтүстік Каролина, Айова және Пенсильвания сынды маңызды штаттарда бәсекеде озып, делегат санын 274-ке көбейтті.

Калифорния және Невада штаттарын жеңіп алған  Демократ партиясының үміткері Хиллари Клитонның делегат саны 218-де қалды.

Дауыс санақ жұмыстары жалғасса да арасындағы айырмашылықты жою мүмкін емес.

Өйткені сайлау комитетінің 538 делегатынан 270-сін алудың өзі президенттік сайлауды жеңіп алды деген сөз.        Дональд Трамп президент сайлауды жеңіп алғаннан кейін де сайлаудың жаңғырықтары келе бастады.

Германия Қорғаныс министрі   Фон дер Ляйен «АҚШ сайлау нәтижесіне таң қалдым. Тармп  сайлауды өзі емес, қазіргі жүйеге қарсы дауыс бергенін аңғаруда» деді.

Францияда ұшқары Ұлттық шебінің лидері Марин Ле Пен Дональд Трампты алғашқы құттықтағандар ішінде орын алды. 



Ұқсас жаңалықтар