АҚШ Ресейдің мәлімдемелеріне наразылық көрсетті

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби Ресей Қорғаныс министрінің сөздерін сынға алды.

601816
АҚШ Ресейдің мәлімдемелеріне наразылық көрсетті

Америка Құрама Штаттары Мәскеу әкімшілігінің Сирияда саяси кезеңді қайта бастау үмітінің «Белгісіз бір кезеңге айналғаны» жөніндегі мәлімдемелеріне наразылық көрсетті.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби күнделікті баспасөз жиналысында Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың «Сирияда саяси кезеңді қайта бастау үміті мен Сирия халқының тыныштық табу мерзімінің белгісіз бір кезеңге айналғаны» жөніндегі мәлімдемелерін бағалады.

Орыс министрдің мәлімдемелерінің толығымен түсініксіз екенін атап айтқан Керби «Біз келіссөздердің Ресей мәлімдегендей ‘белгісіз бір кезеңге айналған’ деп ойламаймыз және Башар Асадтың ұзақ мерзімде Сирияның бір бөлігі болуын қаламаймыз» деді.

Кербиге Асадтың Сирияда 2021 жылына дейін билікте қалуды жоспарлағаны жөніндегі сөздері ескертілген соң Асадтың мәлімдемесін оқығанын, алайда режим мен оппозиционерлер арасындағы келіссөздерді қайта жүзеге асыру үшін жұмыстарды жалғастырғандарын атап айтты.

Американың «New York Times» газеті жариялаған хабарға қарағанда Асад Дамаскта батыстық журналисттермен басқосып, Сириядағы соңғы жағдайды бағалады.

Бұрынғыға қарағанда жағдайдың жақсарғанын білдірген Башар Асад еліндегі соғыстың негізгі жауапкерлері ретінде Вашингтон мен радикал исламдық топтарды көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар