Молдавияда президенттік сайлау

Молдавияда президенттік сайлаудың екінші туры 13 қарашада өтеді.

600156
Молдавияда президенттік сайлау

Молдавияда жаңа президентті белгілеу үшін кеше жексенбі күні өткізілген сайлауда бірде-бір үміткер сайлаушылардың 50 пайыз даусын жинай алмағандықтан екінші тур сайлауы өткізілетін болды.

Социалистік партия мүшесі Игорь Додон 48,5 пайыз, ал оппозициялық партияның үміткер Майя Санду 38,2  пайыз дауыс жинады. Жалпы сарапшылар дәл осы екі үміткер арасында президенттік тақ үшін күрес болатынын айтқан болатын. Президенттік сайлаудың екінші туры 13 қарашада өтеді.

       

 



Ұқсас жаңалықтар