Брет Макгурк ПКК-ның террор ұйымы екенін мәлімдеді

Барак Обаманың арнайы өкілі Макгурк ПКК-ның Түркия мен Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігіне қауіп төндіргенін білдірді.

597295
Брет Макгурк ПКК-ның террор ұйымы екенін мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Барак Обаманың ДАИШ-пен күрес арнайы өкілі Брет Макгурк ПКК-ның террор ұйымы екенін және Түркия мен Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігіне қарсы қауіп төндіргенін атап көрсетті.

Иракта байланыстарын жалғастырған Макгурк Бағдатта ұйымдастырған баспасөз жиналысында «ПКК террор ұйымы және Түркия мен Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігіне қарсы қауіп төндіреді» деді.

Макгурк бұл мәселенің Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі мен Орталық үкімет арасында шешімін табу керектігін тілге тиек етті.

Мосулды ДАИШ-тен құтқару операциясына да тоқталған Брет Макгурк операцияның белгіленген жоспарға сәйкес жалғасқанын, бірақ операцияның қиын және уақыт алатынын білдірді.

Макгурк «ДАИШ шағын топтар болып Киркук пен Рутбадағы сияқты әртүрлі жерлерде террор шабуылдары жасайды. Бұл шабуылдардың артатынын ойлаймыз» деді.

Макгурк ДАИШ-тің артынан Ирактағы АҚШ күштерінің елде қалу тақырыбының Ирак үкіметіне қатысты болғанын және мұның Ирак пен АҚШ арасындағы қарым-қатынастармен байланысты екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар