Босқындар үшін ең қайғылы жыл

Теңіз арқылы Еуропаға жететін жолда 3740 адам қаза тапқан.

596795
Босқындар үшін ең қайғылы жыл

БҰҰ 2016 жылдың босқын өлімдері тұрғысынан ең жаман жыл екенін хабарлады. Теңіз арқылы Еуропаға жететін жолда 3740 адам қаза тапқан.

БҰҰ Миграция жоғары комиссары Уильям Спиндлер БҰҰ Женева кеңсесіндегі баспасөз брифингінде  жылдың басынан бері Жерорта теңізінен Еуропаға өткен адам саны азайғанына қарамастан,  қаза тапқандар санының алдынғы жылға қарағанда үш есе артқанын мәлімдеді.

Спиндлер 2015 жылы Жерорта теңізінде қаза болған босқын санының 3 мың 771 болғанын еске салды.

Өткен жылы Жерорта теңізі арқылы Еуропа жағасына 1 миллион 15 мың 78 босқын жеткен. 2016 жылы осы көрсеткіш қазірге дейін 327 мың 800.



Ұқсас жаңалықтар