ДАИШ Мосулда қырғын жасады

ДАИШ-тің өздері үшін соғысқысы келмейтін 200 мосулдықты өлтіргені алға тартылды.

595592
ДАИШ Мосулда қырғын жасады

Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулды террор ұйымы ДАИШ-тен құтқару үшін бір апта бұрын басталған операция жалғасуда. ДАИШ террор ұйымының өздері үшін соғысуды қабылдамаған 200 адамды өлтіргендері алға тартылды.

Нинова депутаты Интисар әл-Джубури соңғы бірнеше күннің ішінде ДАИШ үшін соғысудан бас тартқан 200 адамның террористтер тарапынан өлтірілгенін жариялады.

Джубури қырғынның Мосулдың әртүрлі аймақтарында жасалғанын және мәйіттерінің жанұяларына кері қайтарылмағанын атап айтты.

Американдық «CNN International» телеканалы болса ДАИШ-тің кеше Мосулда 284 адамды өлтіргенін жариялаған болатын.

Хабарда топтық мазарға жерленген мәйіттер арасында балалардың да бар екені атап көрсетілді.

БҰҰ адам құқықтары лауазымдылары да алдынғы күні ДАИШ-тік террористтердің Мосулдың ауылдарынан кем дегенде 550 жанұяны жанды қалқан ретінде қолдану үшін өздерінің бақылауындағы аймақтарға апарғанын жариялаған еді.

Мосулды террор ұйымы ДАИШ-тен құтқару операциясының 8-ші күнінде Ирак армиясы Каййара ауданындағы 9 ауылды террористтерден құтқарды.

Операциялар барысында 299 ДАИШ-тік террорист өлтіріліп, бомба тиелген 20 көлік пен 45 бомба да жойылды.

Мосулды ДАИШ-тен тазалау үшін Ирак армиясы жасақтары Пешмерге күштері және көпшілігі Башика лагеріндегі түрік әскерлері жаттықтырған Нинова сарбаздары 17 қазан күні операция бастаған болатын.

Керкүк шабуылының жоспарлаушысы ДАИШ-тік террорист «Әбу Ислам Ансари» лақапты Мазин Незхан Мұхаммед Әл-Убеди эр-Рияши ұсталды.

Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі қауіпсіздік агенттігі жаңа шабуылдар жоспарлап жатқан және қаланың әртүрлі жерінде жасырынған 8 террористті ұстағанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар