Операцияда бір АҚШ әскері қаза тапты

ДАИШ-ке қарсы жүргізілген операцияда бір АҚШ әскері қаза тапты.

594057
Операцияда бір АҚШ әскері қаза тапты

Ирактың Мосул қаласында террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы жүргізілген операцияда бір АҚШ әскері қаза тапты.

АҚШ орталық күштер қолбасшылығы CENTCOM Солтүстік Иракта қолдан жасалған бір жарылғыштың жарылуы кесірінен бір АҚШ әскерінің өлгенін жариялады.

Операцияның 2-ші толқыны Мосул бөгеті, Ешги, Тиликоф және Невера аймақтарында жалғасуда.

Фахилие аймағында болса бүгін кең көлемді бір операция басталатыны білдірілуде.

Пешмерга Баспасөз және информация мекемесі төрағасы Халгурт Хикмет ТРТ-ге берген сұхбатында жоспарлардың орындалып жатқанын айтты.

Хикмет 2-ші толқын операциясы нысанының 20 елді мекенді ДАИШ-тен құтқару болғанын баяндады.

Мосулды террор ұйымы ДАИШ-тен азат ету үшін Ирак армиясы, Пешмерга  күштері және түрік әскерлері білім берген Нинова жауынгерлері 17 қазан күні операция бастаған еді.

 


Этикеттер: #Мосул , #АҚШ , #ТРТ

Ұқсас жаңалықтар