Мосулда 352 шаршы шақырым жер азат етілді

Ирак Федеральды полиция ұйымы басшысы Раид Джевдет жазбаша мәлімдеме жасады.

592609
Мосулда 352 шаршы шақырым жер азат етілді

Ирактың Мосул қаласын ДАИШ террор ұйымынан құтқару үшін жалғасқан операция аясында қаланың оңтүстігінде 352 шаршы шақырым жер азат етілді.

Ирак Федеральды полиция ұйымы төрағасы Раид Джевдет жасаған жазбаша мәлімдемеде полиция жасақтарының екі күннен бері жалғасқан операциялар аясында 352 шаршы шақырымдық алаңның ДАИШ террор ұйымынан құтқарылғанын білдірді.

Шиіт қарулы күші Хашди Шаби басшысы Хади Амири болса шиіт қарулы күштерінің Мосул қала орталығына кірмейтінін, тек қана армия мен полиция жасақтарының қала орталығына кіретінін атап көрсетті.

Сүннит басшы мен бұрынғы премьер-министр орынбасары Салих Мутлак болса мемлекеттік арнадан жасаған мәлімдемесінде Мосул халқына үн қатып, «ДАИШ-ке қарсы көтеріліңдер» деп шақыру тастады.

Ел парламентіндегі Әл-Арабийе тобының басшысы Мутлак «Мосулда қоршау астындағы жазықсыз адамдарға адам құқықтары ережелеріне сәйкес ұстаным ортаға қою керек» деп, елдегі саяси дағдарысты бір шетке тастап, ДАИШ-ке қарсы армияға қолдау берілуін талап етті.



Ұқсас жаңалықтар