Нормандия төрттігі басшылары бас қосады
Путин, Меркель, Порошенко мен Олланд кездеседі.
Нормандия төрттігі басшылары бас қосады.
Украинаның шығындағы дағдарысты шешу мақсатымен Ресей президенті Владимир Путин, Украина президенті Петро Порошенко, Франция президенті Франсуа Олланд және Германия канцлері Ангела Меркель ертең Германияның бас қаласы Берлинде бас қосады.
Украина президенттік аппаратының жазбаша мәлімдемесінде: «Тараптар 19 қазан күні Берлинде Ресейдің Минск келісімінің қауіпсіздік саясаттарына байланысты үкімдерін орындауға мәжбүрленуі мақсатымен Нормандияда форматында басшылардың жиналуы үшін келісті» деп айтылды.
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та президент Владимир Путиннің ертеңгі жиналысқа қатысатынын білдірді.
Тамыз айында Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі Украина барлауы Қырымда жоспарлаған террор актінің алдын алғанын алға тартып, Украина болса бұны жалғанға шығарған еді.
Путин де Украина әкімшілігін террор саясатын жүргізді деп айыптап, Нормандия форматындағы басшылар жиынын өткізудің мағынасыз екенін айтқан болатын.
Ресей, Украина, Франция және Германия басшыларының қатысуымен Украина дағдарысына байланысты Берлинде жиын өткізілуі үшін жұмыс басталған еді.
Осы аяда Франция президенті Франсуа Олланд алдымен Путин және Меркельмен, артынан Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.