Орыс соғыс ұшақтары Хаманың ең үлкен ауруханасын бомбалады

Халықаралық Медициналық жабдықтау және жәрдем мекемесі мәлімдеме жасады.

581773
Орыс соғыс ұшақтары Хаманың ең үлкен ауруханасын бомбалады

Сирияның Хама қаласына жасалған әуе шабуылында елдің ең қауіпсіз ауруханаларының біріне үлкен зиян келді.

Халықаралық Медициналық жабдықтау және жәрдем мекемелері одағы жексенбі күні ауруханаға жасалған екі бөлек шабуылда жарақат алғандар бар екенін жариялады.

Сирия адам құқықтары бақылау орталығы шабуылдың орыс соғыс ұшақтары тарапынан жасалғанын жариялады.

Қолданыстан шыққан аурухана Сирияда оппозиционерлердің бақылауындағы аймақта орын алған ең үлкен аурухана ретінде белгілі.

Қақтығыстар жалғасқан елде оппозиционерлер ДАИШ террор ұйымының бақылауындағы Дабык қаласына қарай ілгерілеуде.

ДАИШ-ке мүше террористтер жолға орналастырған миналар себепті оппозиционерлердің ілгерілеуі ақырындап отыр. Қақтығыстарда 15 оппозиционер қаза тапты. Дегенмен оппозициялық жауынгерлер 48 сағаттың ішінде Дабык қаласына ұласуды нысанаға алып отыр.

Елдің батысында болса режим күштері мен оппозиционерлер арасында қақтығыстар жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар