Еуроодақтан Халебке 25 миллион евролық гуманитарлық жәрдем

Еуроодақ Сирияның Халеб қаласындағы он мыңдаған жазықсыз адамға бағытталған жәрдем жоспарын жариялады.

581429
Еуроодақтан Халебке 25 миллион евролық гуманитарлық жәрдем

Еуроодақ Сирияның Халеб қаласында қақтығыстардың дәл ортасында қалған он мыңдаған жазықсыз адамға жіберілетін жәрдем жоспарын жариялады.

Одақ Халебтегі жазықсыз адамдарға аймақтағы жәрдем мекемелері арқылы 25 миллион евролық гуманитарлық жәрдем жолдайды.

Жәрдем пакеті құрамында жедел медициналық материалдар, әртүрлі денсаулық сақтау жабдықтары, таза ауыз суы және азық-түлік материалдары орын алады.

Еуроодақ Халебтегі қақтығысқан барлық тараптарға гуманитарлық жәрдемдердің жеткізілуі және жаралылардың эвакуациялануына рұқсат беру үшін шақыру тастады.

Еуроодақ сыртқы қатынастар және Қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Федерика Могерини және комиссиясы гуманитарлық жәрдем және дағдарысты басқаруға жауапты мүшесі Кристос Стилианидес Сирияның Халеб қаласындағы оқиғалармен байланысты ортақ мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Шығыс Халебте жазықсыз адамдарға жедел түрде қажетті азық-түлік, таза ауыз суы мен дәрі-дәрмек жеткізу және науқастар мен жаралыларды аймақтан эвакуациялау керектігіне назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар