АҚШ Кубаға елші тағайындайды

Обама ДеЛаурентисті кандидат қып көрсетті.

578486
АҚШ Кубаға елші тағайындайды

Америка Құрама Штаттары 1961 жылы дипломатиялық қатынастар үзілген Кубаға бірінші рет өкілетті елші тағайындау шешімін қабылдады.

АҚШ президенті Барак Обама Кубадағы елшілікте кеңесші қызметін атқарған Джефри ДеЛаурентисті өкілетті елшілік міндетіне кандидат қып көрсетті.

ДеЛаурентис АҚШ пен Кубаның 2014 жылдың аяғында қатынастарды қалыпқа енгізу шешімі қабылдануы және осы аяда өткен жылы өзара елшіліктер ашылуы үдерісінен кейін АҚШ-тың Гаванадағы өкілетті елшілігінде кеңесшілік міндетін атқарып келеді.

ДеЛаурентис бұдан бұрын АҚШ-тың БҰҰ Тұрақты өкілдігінде,  Богота елшілігінде және Вашингтонда министрлік орталығында түрлі қызмет атқарды.

ДеЛаурентистің елші ретінде тағайындалуы үшін Сенаттың бекітуі керек.



Ұқсас жаңалықтар