Ресей мен АҚШ келісімге бара алмады

Кеше 19 ел және Еуропа Одағы мен Араб Одағы қатысқан бір жиналыс өтті.

575557
Ресей мен АҚШ келісімге бара алмады

Кеше Халықаралық Сирия қолдау тобы Сириядағы атысты тоқтату мәселесін талқылау үшін бір жиналыс өткізді.

19 ел және Еуропа Одағы мен Араб Одағы қатысқан жиналыс 4 сағат жалғасты.

Жиналыс барысында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Иран Сыртқы істер министрі Жевад Зариф ашуларын далаға шығып кетті.

Жиналыстан кейін баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де Ресеймен келісімге бара алмағандарын айтты.

Ресей мен АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымының кешегі қауіпсіздік Кеңесі жиналысында бір келісімге бара алмады.

Керри Лавровтың Асад режимінің әуе бомбалауын тоқтатуы жөнінде уәде бермегенін білдірді.

Джон Керри бір шешім табылмаған жағдайда Сириядағы жағдайдың тіпті қиын болатыны жөнінде ескерту жасады.

         

 


Этикеттер: #Сирия , #АҚШ , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар