Франция Үндістанға ұшақ сатады

Францияның Үндістанға ұшақ сатуына байланысты келісімге Жаңа Делиде қол қойылды.

575822
Франция Үндістанға ұшақ сатады

Францияның Үндістанға ұшақ сатуына байланысты келісімге Жаңа Делиде қол қойылды.

Франциядан жасалған хабарламаға қарағанда Үндістанға сатылатын 36 соғыс ұшағына байланысты ресми келісімге Қорғаныс министрі де қатысқан рәсіммен қол қойылды.

Хабарламаға қарағанда,  келісім француз әскери әуе өнеркәсібінің деңгейін көрсетеді және сонымен бірге екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтады.

Франция мен Үндістан арасында соғыс ұшақтарының саудасына байланысты келіссөз 4 жылдай нәтижесіз болған еді.

Франция 2015 жылдың тамыз айында келісімнің тоқтатылғанын мәлімдеген болатын.  Өткен жылы сәуір айында Парижге барған Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Франциядан 36 дана «ұшуға дайын» соғыс ұшағын сатып алуды жоспарлағандарын айтқан еді.

Франция 2015 жылы осы ұшақтардың 24 данасын Мысырға сатқан болатын.

Осыдан кейін 24 ұшақты да Катарға сатты. Ал бірақ Бразилиямен жасалған келіссөз нәтижесіз болған еді.



Ұқсас жаңалықтар