БҰҰ Жалпы Кеңесінде босқын мәселесі қолға алынды

БҰҰ Жалпы Кеңесі жиналысында 50-ге тарта ел қаржының арттыруына келісті.

574125
БҰҰ Жалпы Кеңесінде босқын мәселесі қолға алынды

Америка Құрама Штаттары Президенті Барак Обама ұйымдастырған босқындар саммитінде 50-ге тарта ел 360 мың босқынды қабылдауға уәде берді.

50-ге тарта ел қаржының арттыруына келісті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитінен кейін ұйымдастырған жиналысқа Президент Режеп Тайып Ердоған да қатысты.

Ердоған бұл жерде жасаған баяндамасында Түркияның босқындар жөнінде істеген жұмыстарын түсіндірді және Еуропа Одағын 18 наурызда жасалған келісім аясында Түркияға берген уәделерді орындамаумен айыптады.

 Халықаралық ұйымның осы процесте гуманитарлық жәрдемдерде нашар тұғыр көрсеткенін білдірген Президент «Сәбилер, әйелдер және жай халықтардың өлімдеріне қол қусырып қарап отыруымызға болмайды. Осы дағдарысты тоқтату үшін дереу әрекет жасауымыз керек» деді.

Ердоған жүктер әділ бөліспеген жағдайда босқын мәселесі шешілуінің мүмкін емес екенін білдірді.

АҚШ Президенті Барак Обама да 65 миллион босқынның көбінің 10 елде болғанын білдіріп, бұлардың ең басында Түркияның орын алғанын айтты.

Елдерге шекараларын босқындарға ашулары жөнінде үндеу тастаған Обама осы адамдардың барған елдерге үлес қосатындарын баяндады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Пан Ги Мун да «Ешбір ел осы мәселені жалғыз шеше алмайды. Бірге әрекет етуіміз керек» деген сөздер қолданды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар