Гуманитарлық көмек көліктерін бомбалады

Оқиғада 12 адам қаза тапты.

573295
Гуманитарлық көмек көліктерін бомбалады

Сирияда Асад күштері мен Ресей ұшақтары көмек көліктерін бомбалады.  Оқиғада 12 адам қаза тапты.

Әуеден шабуыл Дамаск маңындағы көмек материалдары қоймасындағы 31 көліктің 18-ін нысанаға алды.

Қаза тапқандар арасында Сирия Қызыл жарты ай қоғамының қызметкерлері де бар.

Куәгерлер ұшақтардан лақтырылған бомбалардың жүк көліктері мен қоймаға тигенін және көптеген адамның жараланғанын айтты.

Асад әкімшілігінен оқиғаға байланысты мәлімдеме жасалмады.

Шабуылдан кейін АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Джон Кирби жазбаша мәлімдеме жариялады.

Кирби Вашингтон әкімшілігінің гуманитарлық көмек көліктерінің атқылануына қатал наразылық білдіретінін хабарлады.

Кирби осы тақырыпта Ресеймен сөйлесетіндерін білдірді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де БҰҰ ұйымдастырып жатқан жоғары деңгейдегі Босқын және Мигрант саммитінде сөйлеген сөзінде көлік көліктеріне жасалған шабуылдың гуманитарлық көмекке қолжетімділікті бұзу екенін атап көрсетті.

БҰҰ Гуманитарлық істерге жауапты бас хатшы орынбасары да оқиғаны айыптап, тәуелсіз және бейтарап бір тергеу басталуын сұрады.



Ұқсас жаңалықтар