Барак Обама Ирак премьер-министрімен кездесті

Обама Мосул қаласының террор ұйымы ДАИШ-тен қайтарып алынатынын айтты.

573615
Барак Обама Ирак премьер-министрімен кездесті

Обама Мосул қаласының террор ұйымы ДАИШ-тен қайтарып алынатынын айтты.

Америка Құрама Штаттары Президенті Барак Обама Ирактың Мосул қаласының террор ұйымы ДАИШ-тен сөзсіз түрде қайтарып алатынын білдіріп, «Осы жылдың аяғында Мосулмен байланысты ілгері қадам басуды үміт етемін» деді.

Обама Ирак премьер-министрі Хайдар Әл-Абадимен Нью-йоркта кездесті. Кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Абадимен бір жылдың алдында кездескенін еске салған Обама осы барыста Ирак халқы және қауіпсіздік күштерінің ДАИШ-пен күресуде үлкен ілгерілеушілік көрсеткенін айтты.      

Обама Ирактың коалиция мүшесі елдерімен сәйкесуді жалғастыратынын білдірді.

Президент Обама Абадимен өткізген кездесуде Мосулдың ДАИШ-тен қайтарып алу жөнінде пікір алмасқанын баяндады. Операциямен байланысты кездесулерін түсіндірген Президент Обама операция аясында АҚШ басшылығында ДАИШ-ке қарсы коалиция күштерінің Ирак қарулы күштері және Пешмерга топтарының ортақ ұйымдастыруымен қаланың қайтарып алынатынына кәміл сенгенін мәлімдеді.

Моусулдың тек қайтарып алынуы ғана емес, қайтадан салыну және халықтың адамдығы үшін басылатын қадамдарға дайын екенін білдірген Обама «Жер аударған халыққа азық-түлік, баспана және жедел жәрдем береміз» деген сөздер қолданды.

Ирак премьер-министрі Абади де террор ұйымы ДАИШ-тің тек Ирак үшін ғана емес, барша әлем үшін бір қауіп екеніне назар аударды.

 



Ұқсас жаңалықтар