ЕО саммиті басталды

Еуропа одағына мүше 27 елдің басшылары одақтың болашағын талқылау мақсатымен Братиславада бас қосты.

571615
ЕО саммиті басталды

Еуропа одағына мүше 27 елдің басшылары одақтың болашағын талқылау мақсатымен Словакияның бас қаласы Братиславада бас қосты.

ЕО кезекті төрағасы Словакияның ұйымдастыруымен Братислава қамалында бас қосқан ЕО басшылары Ұлыбританияның одақтан кету шешімінен кейін ЕО-ның болашағы,  босқын дағдарысы, Украина, экономика және терроризммен күрес тақырыптарын талқылайды.

Саммитке 27 мүше елдің басшыларымен бірге ЕО кеңесі басшысы Дональд Туск және ЕО комиссиясы төрағасы Юнкер де қатысуда.

Саммитті 79 елдің 1300 журналисті бақылауда.

Референдум арқылы ЕО-дан кетуді қабылдаған Ұлыбритания саммитке шақырылмады. ЕО басшылары саммиті 2010 жылдан кейін бірінші рет Брюссельден басқа жерде бас қосып отыр.

Германия канцлері Ангела Меркель саммитте сөйлеген сөзінде ішкі және сыртқы қауіпсіздік, терроризммен күрес, қорғаныс саласында ынтымақтастық,  экономика,  жұмысқа орналастыру және жастар үшін мүмкіндік жарату тақырыптарын қарайтындарын айтты.

Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттель отбасы ішінде талқылануы керек кейбір проблемалар бар екенін және соларды талқылайтындарын білдірді.

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо саммиттің табысты өтуін тілеп, «Осында адал талқылау болады.  бірлік екенімізді көрсетуіміз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар