АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің қонақ үйі алдында протест етілді

Миллиардер іскер және АҚШ президенті үміткері Дональд Трамп Вашингтонда протест етілді.

570192
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің қонақ үйі алдында протест етілді

Америка Құрама Штаттарында 8 қараша күні өтетін президенттік сайлауда республикашылардың үміткері Дональд Трамп Вашингтонда өзінің «International Trump» атындағы қонақ үйдің ашылу рәсімінде қонақ үй алдында жиналған бір топ ереуілші тарапынан протест етілді.

Мұсылмандардың және көшпенділердің наразылығын алған Трампты протест ету үшін жиналғандар мүлік байы миллиардер іскердің Мексика шекарасына қабырға соғу ұсынысына сілтеме жасап «Нәсілшілдік пен жабайылыққа қарсы қабырға соғамыз» деді.

Ереуілшілер сондай-ақ «Нәсілшілдікке және мұсылман дұшпандығына қарсы шық», «Мұсылмандар және көшпенділерге орын бер, Трамптың қонақ үйіне қарсымыз» деп жазылған плакаттар ұстады.

Ақ Үйге шамамен 800 метр қашықтықтағы 200 миллион доллар жұмсалған International Trump қонақ үйінің үлкен ашылу кеші болса қазан айында ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар