Түркия Германия үшін маңызды бір ел

Штайнмайер «Түркия біз үшін маңызды бір ел» деді.

567666
Түркия Германия үшін маңызды бір ел

 Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Түркияның өздері үшін маңызды бір ел екенін айтты.

Штайнмайер Германия Федерал Мәжілісіндегі баяндамасында Түркияда 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің Германия тарапынан мұқият қаралмағаны жөнінде бір тұғырдың қалыптасқанын білдірді.

Германия сыртқы істер министрі «Бәлки біз осы заңсыз әрекеттің демократиялық органдарға бір шабуыл екенін жеткілікті айқын түрде түсіндіре алмадық. Бәлки түрік халқының төңкеріс әрекетіне қарсы жеңісіне деген құрметімізді бұқаралық пікірге жеткізе алмадық» деді.

«Түркия біз үшін маңызды бір ел» деген Франк-Вальтер Штайнмайер бұның тек Түркияда паналаған екі жарым миллионнан  астам келімсек пен Еуропа Одағы жәнеТүркия арасында жасалған келімсек келісімі себепті айтылмағанын баяндады.

 Бейбітшілік үшін атсалысқан Түркияға мұқтаж сезінгенін білдірген Штаинмайер «Егер кімде-кім Сирия, Ирак және Ливия мәселесі жөнінде сөз қозғайтын болса, Түркияны қасына алмай бұл мәселені шешуі мүмкін емес» деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар