Парижде террор сигналы берілді

Парижде тастап кеткен бір көлікте 7 газ баллонымен байланысты бір ерлі-зайыптыны тергеуге алды.

567649
Парижде террор сигналы берілді

Франция полициясы Парижде тастап кеткен бір көлікте 7 газ баллонымен байланысты бір ерлі-зайыптыны тергеуге алды.

BFM телеарнасы заң органдарына сілтеген хабарында түн ішінде тергеуге алынған және куәліктері жарияланбаған жұптың полиция тарапынан тергеуге алынғанын жариялады.

Полиция Нотр-Дам шіркеуі маңында өзеннің жағалауында аялдаған көліктегі газ баллондарымен байланысты кеше бір жұпты елдің оңтүстігінде тергеуге алған болатын.

Нөмірсіз көліктегі іздестіру жұмыстарында газ баллондарымен жарылғыш құралдары табылмаған еді.

Францияда 2015 жылы болған Шарли Эбдо шабуылының артынан террор сигналы ең жоғарғы деңгейге шығарылып, 130 адам қаза тапқан 2015 жылы 13 қараша күнгі шабуылдың артынан террордың маңызды бір қауіп екені аталған болатын.

Ниццада 15 шілде күнгі шабуылда 85 адам қаза тапқан еді. Ішкі қауіпсіздік бас дирекциясы басшысы Патрик Калвар мамыр айында ДАИШ террор ұйымының шабуылдарында бомба тиелген көліктер қолданыла алатынына назар аударған болатын.



Ұқсас жаңалықтар