Обама Филиппин президентімен кездеспейтін болды

Ақүй Обама мен Дутертенің кездесуін болдырмай тастады.

566059
Обама Филиппин президентімен кездеспейтін болды

Ақүй АҚШ президенті Барак Обама мен Филиппин көшбасшысы Родриго Дутертенің жоспарланған кездесуін болдырмай тастады.

Родриго Дутерте бүгін Лаоста өтетін Оңтүстік-Шығыс Азия Халықаралық Одағы саммитіне бара жатқанда жасаған мәлімдемесінде Обаманы балағаттады.

Дуттертенің сөздеріне Ақүй дереу жауап берді.

Ақүйден жасалған мәлімдемеде «Президент Барак Обама Филиппин Президенті Родриго Дутертемен кездеспейді. Бұның орнына Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хемен кездеспек» деген сөздер қолданды.

Дутерде Обаманы жүргіш әйелдің ұлы деп балағаттап, адам құқығы жөніндегі ақыл-кеңесімен елдің ішкі мәселесіне араласпауын сұрады. «Сен құрмет көрсете білуің керек. Сан салалы сұрақтар мен мәлімде шашуыңды қой. Жүргіш әйелдің баласы, саммитте көрешегіңді көрсетем»-деді Филиппин басшысы. Осыдан кейін Обама алдағы кездесудің қажетті шамалы екеніне көз жеткізген сыңайлы.

 



Ұқсас жаңалықтар