Орыс соғыс ұшағы бір аурухананы бомбалады

Орыс оппозиционер бақылауындағы орындарды бомбалауда.

565343
Орыс соғыс ұшағы бір аурухананы бомбалады

Сирия территориясындағы Хомус және жағажайдағы Тартус қаласында болған жарылыста 13 адам өлді, 52 адам жарақат алды.

Тартус қаласының Ерзуна көпірі маңында туылған жарылыста 11 адам қаза тапты, 45 адам жарақаттанды.

Орыс армиясына тән соғыс ұшағы Сирияның Ибдил қаласына қарасты Серакиб ауданында бір аурухананы бомбалады.

Аймақтың азаматтық ұйымның төрағасы Хазим Силейби Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде орыс реактивті ұшақтарының Ибдил қаласының солтүстік-шығысында оппозиционерлердің бақылауындағы Серакиб ауданында орын алған Шипа ауруханасына екі әуе шабуыл жасағанын айтты.

Шабуылда бір адамның қаза тапқанын баяндаған Силейби «Орыстар аймақта болған жалғыз аурухананы бомбалады. Осы аурухана аудан маңындағы ауылдарға қызмет етуде еді. Шабуылдан кейін аурухана қатты зақым көрді және қолданылмайтын күйге келді» деді.

Ресей Сирияға операция жасаған 30 қыркүйек күнінен осы таңға дейін Идлиб, Халеб және Хамада әкімшілікке қарсы болғандардың бақылауындағы аймақтардағы мектеп, аурухана және базарларды бомбалауда.

 


Этикеттер: #Сирия , #Ресей , #аурухана

Ұқсас жаңалықтар