Сомалиде бомбалы шабуыл

Шабуылдың жауапкершілігін Әл-каидамен байланысты Аш-Шабаб террор ұйымы мойындады.

562229
Сомалиде бомбалы шабуыл

Сомалидің астанасы Могадишода бомба тиелген көлікпен президенттік сарай маңында жасалған шабуылда қаза тапқандар саны 22-ге өсті.

Аймақтағы бір қонақүй нысанаға алынған шабуылда бомба тиелген көлік қонақүйдің қабырғасына соқтығысып жарылды.

Қонақүйде министр және саясат қайраткерлерінің қатысуымен қауіпсіздік жиналысы өтіп жатқан болатын.

Жарылыста үлкен зиян келген қонақүйде араларында бір министр бар барлығы 50 адам да жарақат алды.

Шабуылдың жауапкершілігін Әл-каидамен байланысты Аш-Шабаб террор ұйымы мойындады.

Түркия шабуылды айыптағанын және лағынеттегенін жариялады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Түркия дос және бауырлас Сомали халқының бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізуі үшін әртүрлі қолдауын жалғастырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар