Ауғанстандағы АҚШ Университетіне қанды шабуыл

АҚШ Университетіне жасалған шабуылда 7 студент барлығы 13 адам қаза тапты, 44 адам жарақат алды.

559084
Ауғанстандағы АҚШ Университетіне қанды шабуыл

Ауғанстанның бас қаласы Кабулдың Дар-ул Аман аймағындағы АҚШ Университетіне жасалған шабуылда 7 студент барлығы 13 адам қаза тапты, 44 адам жарақат алды.

Шабуылдаушылар алдымен бомба тиелген бір көлікті университет маңында жарды, артынан университетке басып кірді.

Университетке кірген шабуылдаушылар жан-жаққа оқ жаудырды. 750 студент университеттен шыға алмады. Терезелерден секіріп жарақат алған студенттер ауруханаға жеткізілді.

Ауған қауіпсіздік күштері ғимаратқа шабуылдағандарға бағыттап операция бастады.

Операцияға АҚШ жасақтары да қолдау берді. Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.

Түркия Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы АҚШ Университетіне жасалған шабуылды қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Ауғанстан үкіметіне террормен күресте Түркия берген қолдау және бауырлас ауған халқымен ынтымақтастығының жалғасатыны мәлімденді. Дар-ул Аман аймағындағы Американ Университетіндегі шабуылдың үлкен қайғыға жол ашқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар