АҚШ Конгресінде Гүлен дағдарысы жайлы конференция болып өтті

«Түркиядан айырылған жағдайда АҚШ-тың қауіпсіздік саясаттары өзгереді».

553739
АҚШ Конгресінде Гүлен дағдарысы жайлы конференция болып өтті

«Түркиядан айырылған жағдайда АҚШ-тың қауіпсіздік саясаттары өзгереді».

Бұл сөздер Түркия мен АҚШ арасында ынтымақтастықты жетілдіру жұмыстарына міндетті лобия мекемесі «Turkish Heritage Organization» (THO) төрағасы Халил Данышмазға тиесілі.

АҚШ Конгресі шаңырағы астында Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының (FETÖ/PDY) 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті және мұның аймаққа ықпалы тақырыпты конференция ұйымдастырылды.

АҚШ Конгресі Сыртқы қатынастар жұмысшылары қоғамы тарапынан ұйымдастырылған конференцияға Халил Данышмазға қоса, Американ инвесторлар институты мамандарынан Майкл Рубин қатысты.

Төңкеріс әрекетінің артынан конгресте ұйымдастырылған тұңғыш конференция болу ерекшелігіне ие іс-шарада Данышмаз FETÖ-нің қанды әрекетінің артынан Вашингтонда Түркияға бағытталған көптеген сындар жасалғанына назар аударып, Түркияның АҚШ-тың жақын ортағы және НАТО одақтасы делінгеніне қарамастан екі ел арасындағы көзқарас айырмашылығының жылдам тереңдегеніне назар аударды.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігінде Түркияның маңызды рөлі бар екенін атап айтқан Данышмаз «Түркия АҚШ ұлттық қауіпсіздігі үшін аса маңызды бір ел. Түркиядан айырылған жағдайда АҚШ-тың қауіпсіздік саясаттары мен аймақтағы инфрақұрылымымыз бір сөзбен айтқанда - өзгереді» деді.

АҚШ-тың төңкеріс бастамасын ұйымдастырған FETÖ басшысы Фетуллах Гүлен туралы Түркиядан «дәлел көрсетуі» керектігінің тілге тиек етілгенін еске салған Данышмаз 11 қыркүйек шабуылы мен Усама бин Ладенден мысал келтіріп «11 қыркүйек шабуылының артынан Усама бин Ладенді халық жауы ретінде жариялағанымыз кезде нақты дәлелдерге қарадық па? Сауд Арабиясы мен Ауғанстан ‘асығып шешім қабылдамаңыз! Бин Ладен негізінде жақсы адам. Егер ондай емес дейтін болсаңыз, бізге айғақ көрсетіңдер’ деген де не ойлар едіңіз. Қысқасы Гүлен бір қылмыскер. Ол – АҚШ азаматы да емес. Ол түріктердікі біздікі емес. Бұл Түркияның мәселесі болып тұрғанда, бұл проблеманың АҚШ-қа жұғуы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қарама-қайшы келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар