Ердоған мен Путин кездесуі орыс баспасөзінде кең орын алды

Орыс баспасөзі президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей сапарына қатты көңіл бөлді.

549010
Ердоған мен Путин кездесуі орыс баспасөзінде кең орын алды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей сапары орыс баспасөзінде кең орын алды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путинмен Санкт-Петербургтегі кездесуінің артынан орыс арналары, хабар агенттіктері және интернет парақшалары басшылардың сөздеріне кең орын берді.

TASS хабар агенттігі баспасөз жиналысын «Досым Владимир» деген тақырыппен жариялады.

Агенттік Ердоған айтқан «Досым Владимир» сөзін тақырып қылды.

İnterfaks хабар агенттігі де Ердоғанның Путинді «Досым» деп атауын алға шығарып, ынтымақтастықтың қалыпқа келетініне назар аударған.

Риа ортақ баспасөз жиналысының артынан жаңалықты «Түрік ағымы, Charter және Сирия: Путин мен Ердоған ортақ нысаналарын жариялады» деген тақырып қолданды.

Комсомольская правда газетінің ресми интернет парақшасы Путин мен Ердоғанның ынтымақтастықты қайтадан жетілдіргісі келгенін атап көрсетті. «Путин Ердоғанмен кездесуін ‘болымды және маңызды’ деп бағалады» деген тақырыппен оқырмандарына жариялады.

Спутник Ердоған мен Путиннің кездесуін «Санкт-Петербургте тарихи саммит» деп хабарлады.

Орыс мемлекеттік арнасы «Rossiya 24» болса кездесуді тікелей эфирде берді.



Ұқсас жаңалықтар