Косова Ұлттық Мәжілісіне ауыр қарумен шабуыл жасалды

Шабуылдың артынан полиция Мәжіліске барған жолдарды қатынасқа жапты.

545489
Косова Ұлттық Мәжілісіне ауыр қарумен шабуыл жасалды

Приштине қаласындағы Мәжіліс ғимаратына түнде жасалған шабуылда тек қана ғимаратқа материалды зиян келді.

Шабуылдың артынан Косово полициясы Мәжіліс пен айналасындағы жолдарды қатынасқа жапты.

Оқиға орнына Косово полициясына қоса, Халықаралық Косово Бейбітшілік күші (KFOR) құрамындағы италиян жандармериясы ‘Carabinieri’ де жетіп келді.

Полиция жасаған мәлімдемеде оқиғаның артынан өртенген бір мотоциклдің тасталған күйде табылғаны, мотоциклдің шабуылшының болуы мүмкін екені және оқиғамен байланысты тергеу жұмыстарының жалғасқаны атап көрсетілді.

Косово медиасы шабуылдың Югославия кезінде өндірілген «Zolja» маркалы танк ататын мылтықпен жасалғаны алға тартылды.

Косоводағы саяси партиялар да Мәжіліске жасалған бұл опасыз шабуылды айыптап, мұның демократияны нысанаға алғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар