Қолтаңба акциясына қатысушылар саны 94 мыңға ұласты

Арыздарға Ақ Үйдің жауап қайтаруы үшін 6 мың адамның қолы қажет.

544860
Қолтаңба акциясына қатысушылар саны 94 мыңға ұласты

Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) басшысы Фетуллах Гүленнің Түркияға кері қайтарылуы үшін Ақ Үй ресми интернет парақшасында басталған акцияға қатысқандар саны 94 мыңға ұласты.

Ақ Үйдің талапқа жауап қайтаруы үшін 6 мың адамның қолы қажет.

Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) басшысы Фетуллах Гүлен үшін АҚШ-та өмір сүретін түріктер бастаған қолтаңба акциясы жалғасуда.

Қолтаңба санын қажетті мөлшерге жеткізу үшін соңғы мерхөім - 16 тамыз.

Қолтаңба акциясында орын алған мәтінде былай делінген:

«2016 жылы 15 шілде күні Түркияның заңды және демократиялық жолмен сайланған үкіметін төңкеру мақсатты төңкеріс әрекеті жасалды. Аталмыш қылмысты Фетуллах Гүлен және оның ‘FETÖ’ террор ұйымына мүше шағын бір топ әскердің істегені анықталды. Түркия АҚШ-тың Таяу Шығыста ең сенімді одақтасы болып табылады. Фетуллах Гүлен Түркияда «террорист» деп тіркелген. АҚШ әкімшілігінің Фетуллах Гүленнің сенімді порты болудан бас тартып, Түркияға қайтаруын талап етемін».

Мәтінге «petitions.whitehouse.gov» (PETİŞINS.VAYTHA'US.GOV) интернет парақшасынан қол жеткізуге болады.

Қолтаңба саны 100 мыңға ұласқан жағдайда Ақ Үй әкімшілігі арыздарға жауап қайтаруға міндетті.



Ұқсас жаңалықтар