Босқындардың 40 пайызы араб елдерінен шығады

Дүние жүзіндегі босқындардың 40 пайызы араб елдерінен келген.

544141
Босқындардың 40 пайызы араб елдерінен шығады

Дүние жүзіндегі босқындардың 40 пайызы араб елдерінен келген.

БҰҰ Босқындар жоғары комиссариатының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка кеңсесінің директоры Емин Авад әлемде күн сайын босқын болғандардың 40 пайызының араб елдерінен екенін айтты.

Араб Лигасының көш тақырыбындағы жиналысында сөз сөйлеген Авад: «Дүние жүзінде күн сайын 51 мың адам босқын жағдайына келеді.  Бұлардың 40 пайызы Сирия және Ирак бастаған араб елдерінен» деді.

Сирия мен Ирак дағдарысы аймақтық координаторлығы міндетін де атқарған Авад босқын санының артып отырғанын ескертіп, әлем көлемінде қақтығыс салдарынан 65 миллион адамның босқын болып отырғанын айтты.

БҰҰ Босқындар жоғары комиссариатының есебіне қарағанда 7,4 миллиард тұрғыны бар әлемде әрбір 113 адамның бірі баспана талап етуде немесе баспанасыз қалуда.



Ұқсас жаңалықтар