Гүлен үшін Ақ Үйде қолтаңба акциясы

АҚШ-та тұратын түріктер бастаған акция аясында мақсат етілген 100 мың қолтаңбаға жету үшін 22 мың қалды.

542920
Гүлен үшін Ақ Үйде қолтаңба акциясы

Фетуллахшы террор ұйымының басшысы Фетуллах Гүленнің Түркияға қайтарылуы үшін Ақ Үй ресми интернет парақшасында басталған акцияға 78 мыңнан астам адам қол қойды.

АҚШ-та тұратын түріктер бастаған акция аясында мақсат етілген 100 мың қолтаңбаға жету үшін 22 мың қалды.

Акцияның мақсаты – FETÖ басшысы Гүленнің қайтарылуы.

17 шілде күні басталған акцияның тақырыбында «Үкіметтің Фетуллах Гүлен үшін сенімді порт болуды доғаруын және оны Түркияға тапсыруын сұраймын» деп жазылған.

Акцияға Ақ Үйдің интернет парақшасындағы «petitions» бөлімінен "petitions.whitehouse.gov" адресінде қол жеткізуге болады.


Этикеттер: #акция , #Гүлен , #АҚШ , #Ақ Үй

Ұқсас жаңалықтар