"Гүлен CIA-мен жақын байланыста"

Орыс депутат "Гүлен бизнес әлемі, медиа, мектептер,  университеттер және азаматтық қоғамдық ұйымдардан қалыптасқан ірі империяны басқарып отыр» деді

542477
"Гүлен CIA-мен жақын байланыста"

Ресей Парламентінің төменгі қанаты Дума депутаттарының бірі Вячеслав Никонов Фетуллах Гүленнің CIA-мен жақын байланыста екенін алға тартты.

Никонов FETÖ-ның 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекеті жөнінде Анадолы агенттігінің сұрақтарына жауап берді.

«Төңкеріс жасау әрекетінің негізгі тұлғасы Гүлен деп ойлаймын.  Қазір АҚШ-та тұратын Гүлен бизнес әлемі, медиа, мектептер,  университеттер және азаматтық қоғамдық ұйымдардан қалыптасқан ірі империяны басқарып отыр» деді ол.

Орыс депутат айырықша «Гүленнің Түркиядағы байланыстары ортаға шығуда.  Алайда сонымен бірге Гүлен Американың адамы екені айдан анық. Оның CIA-мен жақын қатынасы бар» деді.

Мәскеу Мемлекетті Университетінің Азия және Африка институтының Түркия маманы Доц. Павел Шлыков та «АҚШ пен Түркия – НАТО-да одақтас. Вашингтонның төңкеріс жасау әрекеті тақырыбында Анкара секілді одақтасына жарасатын ұстаным көрсетпегенін көріп отырмыз» деді.

«Гүлен айыптауларды қабылдаса,  таңғалар едім. АҚШ өз жерінде тұру құқығын беру арқылы Гүленге жанамалы түрде қолдау көрсетіп отыр» деді ол.

Журналист және түрколог Владислав Вдовин де «төңкеріс жасау әрекеті президент Режеп Тайып Ердоғанның халықтың көбінен қолдау алып отырғанының көрсеткіші болды» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар