Германиядағы қанды шабуылда 9 адам қаза тапты

Қаза тапқандар арасында 3 түрік азаматы бар.

536000
Германиядағы қанды шабуылда 9 адам қаза тапты

Германияның Мюнхен қаласында бір сауда орталығы мен қасындағы бір көшеде адамдарға жасалған қару шабуыл нәтижесінде 9 адам қаза тапты, 27 адам да жарақат алды.

Басқа жағынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Мюнхендегі шабуылда 3 түрік азаматының қаза тапқанын атап айтты.

Оқиғаның артынан шабуылдаушы өзін өлтірді. Полиция шабуылдаушының 18 жасар Иран тумасы неміс азаматы екенін мәлімдеді.

Оқиғаның артынан қоғамдық қатынас көліктері тоқтап қалды. Қаладағы ойын-сауық оырндары мен асханалар жабылды.

Мюнхен полициясы болса твиттер арқылы баршаның үйінен шықпауы үшін ескерту жасады.

Полиция лауазымдылары шабуылдаушының жалғыз өзі қозғалғанын және, оқиғаның ДАИШ-ке қатысы жоқ екенін атап көрсетті.

Лауазымдылар шабуылдаушының жүйке аурулы екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар