Жапония императоры Акихито тақты тастайтынын мәлімдеді

Сексен жасар император жасы мен денсаулық жағдайына байланысты тақты баласы Нарухитоға қалдырады.

528742
Жапония императоры Акихито тақты тастайтынын мәлімдеді

Кйодо агенттігі 80 жасар император Акихитоның жасы мен денсаулық жағдайына байланысты тақты тастайтынын жариялады.

Акихито әкесі Хирохитоның 1989 жылы 7 қаңтар күні дүниеге көз жұмуының артынан 55 жаста таққа отырған еді.

Таққа императордың 56 жасар баласы ханзада Нарухитоның отыруы күтіледі.

Елде соңғы рет 1817 жылы император Коукаку өз қалауымен тақты тастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар